Петропавлда республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында шеберлер байқауы өтті.
Олар құстардың үЙшігін жасап, ішінен ең әдемісін анықтады. Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған сайысқа барлығы 30-ға жуық жемшашар ұсынылды. Қанаттыларға қысы-жазы пана болатын бұйымдар тек қана эко-заттардан құрастырылған. Шара барысында еңбегі үздік деп танылған шеберлерге алғыс хат пен бағалы сыйлық табысталды. Ал құстардың ұялары Жеңіс саябағындағы ағаштарға ілінді.
Бақытжан Әділов, байқауға қатысушы:
- Мен осы инстаграмнан оқығам. Сосын қатысайын деп ойладым. Құстарға үй салайын деп ойладым. Біздің дворда 5-6 скворечник бар. Кормушкалар бар. Оларды көршілер жем беріп, құптап тұрады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz