RU
Толық нұсқаға өту

Қыста жауын-шашын мөлшері нормадан көп түсті

05.02.2025, 07:53 877

Жер қатпағанмен, жаңбыр, қар көп түсті. «Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, әсіресе, өткен қараша айында елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері 3 есе көп болған.

Тек оңтүстіктегі кей аудандарда норма шамасында болды. Желтоқсанда да Шығыс Қазақстан, Абай, Маңғыстау, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Ұлытау және Жетісу облыстарының жекелеген аудандарында жауын-шашын нормадан 1,2-1,9 есе көп түскен.Ал қаңтар айында елдің солтүстік-шығыс жартысында, солтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс аумағының жекелеген аудандарында нормадан 1,3-3 есе көп қар жауды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz