RU
Толық нұсқаға өту

Солтүстік Аралға 1 млрд текше метр су келді

10.02.2025, 11:05 1868

Жыл соңына дейін Солтүстік Аралдағы су көлемі 23,4 млрд текше метрге жетуге тиіс. Былтырғы қазаннан бері теңізге 1 млрд текше метр су келді. Бұл жоспарланған көлемнен 100 млн текше метрге артық.

Судың көбеюіне үнемдеу технологиясы ықпал етті. Қызылорда облысының күріш алқаптарын лазерлік жоспарлаушымен тегістеу және су үнемдеу технологияларын пайдалану арқасында шамамен 200 млн текше метр су үнемделді. Ал орташа өнімділік гектарына 40-55 центнерден 70-80 центнерге дейін артты.

Сондай-ақ Үлкен Аралдың тартылған аумағын қалпына келтіру мақсатында 4,4 млн ағаш егілді. Жыл соңына таман көгалдандырудың жалпы көлемі 1,1 млн гектарға жетеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz