RU
Толық нұсқаға өту

Сәуірден бастап Алатауда тазалық байқаулары ұйымдастырылады

27.02.2025, 21:12 471

Сәуір айынан бастап Алатау қаласының аумағында тазалық байқаулары ұйымдастырылады, деп хабарлайды 24kz.

Қазір ережесі әзірленіп жатыр. Жергілікті мәслихат бекіткен соң «Таза ауыл», «Таза көше», «Таза аула» байқаулары өтеді.  Шараға демеушілер тартылады. Бұл туралы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы кезінде атқарылатын жұмыстар талқыланған жиында айтылды. Байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар беріледі. Сонымен қатар қаладағы әр шағын ауданда бір саябақ ашу жоспары бар.

Роза Абилова, Алатау қалалық мәслихатының төрайымы:

- Осы акцияның мақсаты – халқымыздың сана-сезімін өзгерту. Экологиялық тәртіпті тәрбиелеу. Ол өте маңызды. Өйткені Отанды сүю өзіңнен басталады. Бір адам бір тал салса, бәріміз қосылып бақ саламыз. Сондықтан осы жұмыстарды өзімізден бастап жастарды тәрбиелесек, болашақта онда біздің Отанымыз әрқашан тап-таза болады.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz