RU
Толық нұсқаға өту

Текеліде «Таза бейсенбі» акциясы өтті

27.02.2025, 23:48 395

Тазалық шарасына бастауыш партия ұйымдары, жергілікті мәслихат депутаттары мен еріктілер қатысты, деп хабарлайды 24kz.

Адам аяғы көп жүретін жерлердегі мұзды ойып, ойын алаңдарындағы қарды күреді. Сондай-ақ Қаратал өзенінің жағалауындағы тұрғындар серуендейтін алаңдарды қоқыстан тазартты. Жалпы Жетісу облысында жыл басынан бері 7 рет «Таза бейсенбі» ұйымдастырылды. Оған төрт жүзден аса адам қатысып, қоғамдық орындарды ретке келтірді.

Бауыржан Тұғылбаев, Текелі қалалық мәслихатының  төрағасы:

- Бұл акцияны біз былтыр бастау көзін ашудан бастағанбыз. Содан бері бүгінгі күнге дейін 80 тонна қоқыс шығарылды. Бұл сенбілікті үнемі ұйымдастырып тұрамыз.Бұл жастарға үлгі болсын дейміз. Мәдениеттің бәрі тазалықтан басталады. Тазалық пен тәртіптен басталады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz