RU
Толық нұсқаға өту

Атырауда оқушылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш екті

28.02.2025, 23:42 575

Атыраулық оқушылар арасында экологиялық мәдениет қалыптасып келеді.

«Таза Қазақстан» акциясы басталғалы оқушылар бірнеше жоба дайындаған. Бүгін облыс орталығында «Таза Қазақстан – жасыл өлке» шық сабағы өткізіліп, балалар гүл, көкөніс дақылдары мен жеміс талдарын екті. Мұндай іс-шаралар, өскелең ұрпақты табиғат жанашыры боп өсуге тәрбиелейді,- дейді ұйымдастырушылар.

Мақаш Ілиясов, Абай атындағы оқушылар орталығы директорының міндетін атқарушы:

- Жалпы акция тек бастамасы. Бұл жыл бойына жалғасады. Себебі осы дәннен өсіп шыққан өсімдіктерді одан әрі қарай күтіп ұстау, күтіп баптау жұмыстары және жемістері өсіп кеткенге дейінгі жұмыстардың барлығы осы акция негізінде жалғаса беретін болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz