RU
Толық нұсқаға өту

Күрішшілер судың әр тамшысын үнемдей отырып, мол өнімге қол жеткізеді

02.03.2025, 15:00 608

Қызылорда облысында суармалы су тапшылығы бар.

Сондықтан шаруалар су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізе бастады. Тіршілік нәрінің әр тамшысын үнемдей отырып, мол өнімге қол жеткізген күрішшілер аз емес. 

Топырақты дайындау, тұқым себу, тыңайтқыш шашу, арамшөпті жою, суару және егінді жинау. Осы агротехникалық шараларды орындау жауапкершілігі егіс бригадирі Қанат Төралиевке жүктелген. Жаңа технологияны жетік меңгерген маман жыл сайын мол өнім алады. Соңғы бес жылда әр гектардан жиналатын күріш көлемі 20 пайызға дейін артқан.

Қанат Төрәлиев, бригадир:

- Бұрын жұмыс істеген кезде химикаттарды беру қиындау болды. Шелекпен қолдап септік. Әр поляға қолдап сепкен күндеріміз болды. Қазіргі технология дамыған. Қазір жер тегіс, өнім алуға үлкен мүмкіндік бар. Суды үнемдеуді рейка, сызығышпен өлшеп, cоның арқасында осы кезде өнім алып жатырмыз.

Ақжар ауылындағы шаруашЫлық жерді өңдеу үшін италиялық технологияны пайдаланады. Мамандардың айтуынша, лазерлік құрылғы топырақтың бетін тегістейді. Тегіс жерге күріш егілсе, су 30 пайызға дейін үнемделеді. «Қанат Төрәлиев әрдайым осындай жаңашылдықтарды енгізуге асығып, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Сондықтан еңбегі өнімді»,-дейді әріптестері. 

Нұрлан Құмшабаев, шаруа қожалығының жетекшісі:

- Су жағын да жақсы экономдайды. Беталды суармайды. Керегінде жығады, керек емесінде артық суды байлап қояды. Өзі еңбексүйгіш. Қасында жүрген жұмысшы азаматтарға да жақсы көңіл бөледі.

Есін білгелі дала еңбегін көріп өскен Қанат Төрәлиев әкесінің ізін жалғап, егіншілікті кәсіп еткен. Агроөнеркәсіп кешеніндегі жемісті еңбегі, отандық ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі ескеріліп, ол былтыр Президент Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін медалін» иеленді.

Байұзақ Төрәлиев, Қ. Төрәлиевтің әкесі:

- Кішкентайынан еңбекке баулығанымның арқасында сондай нәтиже болды. Және ол мені көріп өсті деп есептеймін. Барға қанағат жасай білу керек, жоқты қолыңмен, маңдай теріңмен жасап, бар ете білу керек. Сонда таза еңбек болады.

Өңірде суармалы су мәселесі өзекті. Сондықтан аз суарып, мол өнім алудың тың әдістерін егін шаруашылығына кеңінен енгізу қажет. Бұл бағыттағы ізденісті жалғастыра берем, дейді білікті маман.

Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин, Айтмұхамбет Байділдаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz