RU
Толық нұсқаға өту

Түркістан облысындағы табиғи паркте сирек кездесетін аңдар көбейді

07.03.2025, 08:39 520

Түркістан облысындағы табиғи паркте сирек кездесетін жануарлар көбейді.

Боралдай инспекторлары жариялаған кадрларда Қызыл кітапқа енген Қаратау арқарлары мен Бұқар бұғыларының еркін жайылып жүргені байқалады.

Қорықшылардың айтуынша, көктемгі санақ әлі аяқталмаса да, жабайы жануарлардың саны 500-ге жуықтаған.

Сонымен қатар тоғай мен тау тастарында орнатылған фототұзақтарға сібір еліктерінің үйірі, үнді жайрасы және жабайы қабандар да іліккен. Қорық аумағында жануарлардың азық қорын байыту мақсатында 25 орынға минералды тұз кесектері қойылған. Сала мамандары Қызыл кітапқа енген жануарлардың санын көбейту үшін парк аумағында тыныштық сақталуы маңызды екенін атап өтті.

Бақытжан Қырықбай, "Сырдария-Түркістан" МӨТП Боралдай филиалының директоры:

- Боралдай өзені аңғарында тыныштық орнаған. Біздің қарауымызда 36 мың гектар жерде. Оның ішінде 8 мың гектары қорықтық аймақ. Ол жерге адам баласы кірмейді. Ешқандай шаруашылық жүргізілмейді. Сол жерде өте жақсы. Қысты күні, боранды күндері, ауа райы жайсыз күндері барлығы сол Боралдай өзені аңғарына түседі. Сол кезде бір күнде жүздеп санаған күндеріміз болды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz