Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы тазалық жұмыстарына 10 мың жас қатысты, деп хабарлайды 24KZ. Олар шаһар аумағындағы саябақтар мен көшелерді қоқыстан тазартып, қала сыртындағы қоқыс полигонын да ретке келтірді.
Жалпы 4 мың тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарды. Бүгін «Таза бейсенбі» акциясы аясында еріктілер қаладағы балабақшаның біріне жәрдемге барды. Ондағы ойын алаңшаларын, омбы қарды тазалап берді. Жалпы қалада тазалық жұмыстарымен қоса экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кездесулер де жиі өтеді.
Әсем Төлеубаева, балабақшаның шаруашылық меңгерушісі:
- Көмекке келгендеріне қуанып отырмыз. Бізде аула тазалаушы 1 адам. Сондықтан үлгермейді. Қар көп болған соң балаларды сыртта ойнауға «площадкаға» апара алмаймыз. Бүгін келіп көмектесіп отыр.
Гүлмира Ақтайлақова, «AMANAT» партиясы Алматы аудандық филиалының атқарушы хатшысы:
- Бұған дейін осы Алматы ауданы бойынша қаланың шетіндегі тұрғын үйлердің, көп жағдайда жалғызбасты ардагерлерге көмектесіп, аулаларын қардан тазартып жатырмыз.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz