RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда ерекше қорғалатын 6 табиғи аумақ құрылады

13.03.2025, 17:00 867

Елде ерекше қорғалатын тағы 6 табиғи аумақ құру жоспарланып отыр. Олар Арал, «Жайық орманы» және Ертіс жайылмасы резерваттары, Түкті ұлттық паркі, «Мерке» өңірлік паркі және Қызылқұм қорығы болмақ. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілі брифингте баяндады.

Кешенді шаралар биоалуандылықты сақтауға бағытталған. Сондай-ақ Үстірт, Қаратау қорықтары, Ақжайық және Іле-Балқаш резерваттарының аумақтары кеңейтіледі. Елде қар барысының саны 180 басқа жетті. Тұран жолбарысы мен керқұланды қайта жерсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Былтыр ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға 2,8 млн турист барған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 400 мыңға көп. Ұлттық парктердің қызмет сапасын арттыру үшін бақылау бекеттерінде сандық жүйе енгізіліп жатыр.

Данияр Тұрғамбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің комитет төрағасы:

- «Жайық орманын» құруды жоспарлаған кезде 75 мың га жоспарланған болатын, бірақ қазір соңғы техникалық негіздеме бойынша 46 мың га аумақта құрылады. Ол екі орман шаруашылығының орнында. Бәрімізге мәлім, ЕҚТА-ның өз статусы бөлек және жоғары. Сондықтан сол «Жайық орманын» қорғау үшін күшейтіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz