Елде «Таза су айдындары» акциясы өтеді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. Экологиялық бастама жағалауды қоқыстан, арналарды аулардан тазартуға бағытталып отыр.
Шаралар легі өңірлердің климаттық ерекшелігіне қарай екі кезеңмен жүргізіледі. Батыс пен оңтүстік аймақтарда осы айда, ал шығыс, солтүстік және орталық өңірлерде сәуірдің ортасында басталады. Акцияға қатысу үшін кез келген адам жергілікті балық шаруашылығы инспекциясына жүгінуі қажет.
Тегтер #экологиялық акция #Ауыл шаруашылығы министрлігі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz