Таразда жыл басталғалы 3500 тал егілді. Көгалдандыру жұмыстары «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Тараздық жастар мен белсенділер бүгін де саябақтарды тазалауға шықты. Сонымен қоса, тұрғындар да өз ауласын тазалап, «Таза аула» акциясына қатысуда.
Мерей Бает, тілші:
- Қыс өтіп, көктем келгелі шаһарда тазалық жұмыстары ерекше қолға алынды. Мәселен бүгін Тараздық 50-ден аса жас «Денсаулық саябағын» тұрмыстық қалдықтан тазарту үшін жиылды. Жалпы экологиялық шарада ерікті жастар белсенділік танытып жатыр. Мәселен, былтырдың өзінде тазалық жұмыстарына 5 мың жас қатысып, қаладағы саябақтар мен аулаларды қоқыстан арылтты.
Биылғы бірнеше айдың ішінде облыс орталығының өзінде 3500 көшет егілді. Бұл басы ғана. Себебі «Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірде 200 мыңға жуық көшет егілмек. Сонымен қоса, мың шақырым канал мен арық жүйесі, 200 мың аула мен 10 мың шақырым көше жолы күл-қоқыстан тазартылады.
Экологиялық акция аймақта халықтық сипат алып келе жатыр. Себебі облыс орталығы мен аудандарда «Таза қала – таза аула» байқауы ұйымдастырылуда. Тазалығы мен көгалдандыруы келіскен үйдің тұрғындарына комақты қаржылай сый табысталады. Жалпы биыл өңірде санитарлық тазалау, абаттандыру жұмыстарына 8,3 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа тарихи-мәдени ескерткіштерді, саябақтар аумағы мен көшелерді күтіп ұстау жұмыстары жүргізіледі.
Авторлары: Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Елдар Байділді
Тегтер #Тараз #Таза Қазақстан #ағаш отырғызуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz