RU
Толық нұсқаға өту

«Таза бейсенбі»: Балпық би ауылында 5000 тонна қоқыс шығарылды

27.03.2025, 18:29 581

Жетісу облысындағы Көксу ауданының тұрғындары бүгін Балпық би ауылындағы орталық саябақты тазалады, деп хабарлайды 24kz.

Көпшілік қар астында қалған қураған жапырақтар мен тұрмыстық қалдықтарды жинастырды. Арықтарды тазартып ретке келтірді. «Таза бейсенбі» акциясына «AMANAT» партиясының өкілдері ұйытқы болды. Жыл басынан бері олар өңірде 13 рет тазалық шарасын өткізген.

«Оған 15 мыңнан аса адам қатысып, 5 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды», - дейді саладағылар.

Гүлназ Төлегенова, «AMANAT» партиясының мүшесі:

- Тазалық деген мен үшін әрбір отбасыдан басталу керек. Отбасында балаларға айтып отыруымыз керек. Өзіміздің ауламызды, өзіміздің жан-жағымызды тазалап отырсақ, сол бізде тазалық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz