Бұл сирек кездесетін құс. Жыртқыштар тобына жатады, деп хабарлайды 24kz.
Олар өлексе жейтіндіктен, далада инфекция қалдырмайды. Экожүйені тазалап отыратын – санитар. Жұртшы елдің оңтүстігіндегі тау бөктерлері мен ормансыз жалаңаш тауларды мекендейді. Елде қазір оның шамамен 500 жұбы бар.
Елде жұртшы жыл құсы ретінде биыл жиырмасыншы рет аталып отыр. Мұндай іріктеуді Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы мен Қазақстан құстарды қорғау одағы жүргізеді. Кейінгі 5 жылда ителгі, бірқазан, бұлбұл, көкқұс, жапалақ секілді құстар таңдалған. Жыл құстарын іріктеудегі мақсат – құстарды сақтауға көпшілік назарын аудару.
2020 жылы – ителгі
2021 жылы – бірқазан
2022 – бұлбұл
2023 – көкқұс
2024 – жапалақ
Тегтер #экожүйе #инфекцияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz