Солтүстік Арал теңізін Үлкен Аралдан бөліп тұрған Көкарал бөгетін нығайту жұмыстары биыл да жалғасады.
Гидронысанның су үңгіп тастаған бөлігі таспен бекітіледі. Мамандардың айтуынша, «Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзені сағаларын қалпына келтіру» жобасы аяқталуға жақын. Осы күнге дейін «Тәуір» қорғаныс бөгеті салынып, «Қарашалаң-1» каналы қайта жаңғыртылды. Осы нысандар іске қосылғаннан кейін Кіші Арал теңізін сақтап қалуға, судың тұздылығын төмендетуге болады. Бұдан бөлек биыл өңірде 56 шақырым магистральды су арнасы тазартылып, 60-тан астам гидроқондырғы жөнделеді. Ал Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылордадағы бірнеше су арнасына автоматтандырылған су өлшеу құрылғыларын орнату жоспарланған.
Елдос Ақышев, «Қазсушар» РМК филиалы директорының орынбасары:
- Автоматизация биылғы жылға барлығы 5 канал қаралған болатын. Мемлекеттік сатып алу порталынан ұтып алынды, 5 канал, бұл бойынша жұмыстар атқарылып жатыр қазір. Құрылысы басталды, Жаңа Шиелі магистральды каналында, «О-2» каналында, Келінтөбе, Әйтек, Сунақ ата сол магистральды үлкен каналдарда.
Тегтер #Арал теңізі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz