Ақтөбелік оқушылар жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясы аясында игі іске бастамашы болды.
Халықаралық құстар күніне орай мыңнан аса ұя жасады. Экологиялық шараға 400 мектеп қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл өскелең ұрпақтың қоршаған ортаны қорғап, жан-жануарларға қамқор болып өсуіне пайдасын тигізеді. Әрі құстардың көбеюіне мүмкіндік береді. Балалар мен ата-аналардың қолынан шыққан ұялар мектеп, саябақ маңындағы ағаштарға ілінді.
Әлихан Байтуғанов, оқушы:
- Енді мен табиғатқа қарапайым, бірақ маңызды нәрселермен көмектесуге болатынын түсіндім. Ұялар жалпы құстардың көбеюі үшін, балапандардың өсіп өнуіне арналған маңызды зат. Әр құс өз ұясын желден немесе жаңбырдан қорғап, балапанын өсіруге тырысады.
Тегтер #Таза Қазақстан #Ақтөбе #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz