RU
Толық нұсқаға өту

Қосшы қаласында экологиялық сенбілік өтті

02.04.2025, 21:52 617

Бүгін Қосшы қаласында облыстық экологиялық сенбілік өтті, деп хабарлайды 24kz.

Игі шараға 250-ге жуық адам қатысып, шаһардағы «Лесная поляна» шағынауданын қоқыстан тазартты. Олардың қатарында «AMANAT» партиясының өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, еріктілер мен қала тұрғындары болды. Бұл акция «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ұйымдастырылды. Сенбілік барысында қатысушылар көшелер мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Айта кету керек, «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қосшы қаласында сенбіліктер тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл жолы тарихи-мәдени орындар мен аллеялар абаттандырылып, Сарқырама өзені мен балалар алаңдары тазартылды.

Азамат Қапышев, Қосшы қаласының әкімі:

- Лесная поляна ауданында негізі 30 мыңдай адам тұрады. Үлкен шағынаудан. Соны бүгін біз тазартуға тырысамыз. Бүгінгі акция ол бір күндік акция емес. Біздің жоспарымызда сенбіліктер, таза бейсенбіліктер жалғасы табады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz