Қостанайда дәстүрге айналған «Таза бейсенбі» акциясы өтті, деп хабарлайды 24KZ. Бұл жолғы шараға бастамашы болған «AMANAT» партиясы. Шараға жастардан құралған 50-ге жуық ерікті қатысты. Экологиялық бастама аясында қатысушылар өзен жағалауын қоқыстан тазартты.
Айта кетейік, «AMANAT» партиясы бір жыл көлемінде дәл осы аумақта тұрақты түрде сенбілік ұйымдастырып келеді. Осы уақыт ішінде белсенділер 20 гектар аумақты тазартып шыққан. Бүгінгі акция барысында облыс көлемінде 26 тоннаға жуық қоқыс жиналды.
Аружан Сәрсенбаева, Қостанай облысы бойынша «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы:
- 100-ден астам акция өтті негізі. 2024 жылы 50 тоннадан астам қоқыс жиналды және осында жұмыс әлі де жалғасып жатады. Бұл қала көшелерін тазалау ғана, сонымен қатар ардагерлерге адамдардың үйлеріне барып, тазалау жұмыстарын жүргіземіз.
Тегтер #Қостанай #таза бейсенбі #экологиялық акция #24KZ #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz