Шымкентте «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына орай игі іс атқарылды, деп хабарлайды 24KZ. Жастар денсаулығына байланысты төсек тартып қалған зейнеткердің ауласынан бір тоннадан астам қоқыс шығарды.
Тал-теректің күтімі жасалып, түбі қопсытылды. Жастар зейнеткердің хал-жағдайын жиі сұрап тұруға уағдаласты.
Бекзат Төлебай, экобелсенді:
- Күні кеше ғана бізге бір видео келіп жеткен болатын. Видеодан көрген кезде Айтбек атты атамыз, қаламыздың тұрғыны. Үйі өте ластанып, қоқыстанып кеткен. Үйінің ауласы, үйінің айналасы деген сияқты. Содан біз өзіміздің белсенділерімізді, рухтастарымызды жинап, жедел түрде осында келіп жеттік.
Тегтер #Шымкент #Таза Қазақстан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz