Қонаевта өткен «Таза жағажай» акциясына 200-ден астам адам қатысты.
Тұрғындар мен жастар, белсенділер, қоғамдық ұйым өкілдері қаладағы жағажайлардың аумағынан 3 тоннадан астам қоқыс шығарды. Акцияның мақсаты – су айдындарының ластануының алдын алу және қоршаған ортаны қорғауға қоғамның назарын аудару. «Қаланың тазалығына мән беріп, қоршаған ортаны күтіп ұстау әр адамның борышына айналуы тиіс. Мұндай іс-шараға тұрғындар да барынша атсалысса, дейді қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Базарбай Оралбаев.
Базарбай Оралбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
- Тазалық әлгі денсаулықтың белгісі дейді ғой. Денсаулық байлықтың белгісі дейді. Маусымға дайындық бір жағынан жасалып жатыр. Екінші жағынан тазалық енді өзімізге де керек. Өз сана-сезіміміз, ақылымыз, ойымыз, пікіріміздің бәрі соған қалыптасып, осындай мынау әлгі тазалықты жүргізе беруіміз керек.
Тегтер #Таза Қазақстан #Қонаев #жағажай #қоқысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz