RU
Толық нұсқаға өту

Ақтауда еріктілер қаладағы жағажайды тазалауға атсалысты

06.04.2025, 10:11 559

Ақтауда да еріктілер тобы жағалау тазалығына белсене атсалысты.

«Таза Қазақстан» эконауқаны аясында өтіп жатқан тазалық шарасына 100 студент қатысты. Волонтерлер дала сахнасы орналасқан жағажай аумағынан жүздеген қап толы тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарып, арнайы орынға қойылған қоқыс жәшіктеріне салды. Айта кетсек, кеше амфитеатр алаңында «Ақтау - түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылуы өтті. Халықаралық шараны 35 мыңнан астам адам тамашалады. Еріктілердің қатысуымен қоғамдық орындарды тазалау жұмыстары бүгін де жалғасады.

Юсуф Қысбаев, еріктілер тобының жетекшісі:

- Осындай тарихи күнде халықаралық шараға Маңғыстау облысы жастар саясаты басқармасы жанынан осы арнайы 100 волонтер құрылып, қазіргі таңда өзінің негізі жұмысынан бөлек осындай «Таза Қазақстан» акциясына да қатысу үстіндеміз. Экологияны сақтауға, қала тұрғындарының арасында өзімізді үлгі қылып осы шараға қатысып жатырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz