Алматы облысы ТЖД қызметкерлері наурыз айының ортасында ТЖ Министрі генерал-майор Шыңғыс Аринов жариялаған өрт сөндіру бөлімдерін абаттандыру бойынша экологиялық акция аясында ауқымды сенбілік өткізді.
Алматы облысы ТЖД бастығының уақытша м.а. подполковник Дәурен Оразбеков бастаған 400-ге жуық құтқарушы бір мезгілде гарнизонның барлық бөлімшелерінің учаскелерін тазартып, 15 тоннадан астам қоқыс жинап, 200-ге жуық ағаш отырғызды.
Сенбілік - бұл тек экологиялық акция ғана емес, сонымен бірге ортақ игілік үшін бірлескен күш-жігердің жемісін беріп, әл-ауқат пен өркендеудің негізін құрудың символы.
ТЖМ
Тегтер #Алматы облысы #сенбілік #экологиялық акция #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz