RU
Толық нұсқаға өту

Сырдарияға көрші мемлекеттерден 3,7 млрд м3 су жіберіледі

07.04.2025, 11:39 611

Суару кезеңінде Сырдария өзеніне көрші мемлекеттерден 3,7 млрд текше метр су жіберіледі, деп хабарлайды 24kz.

Ал, «Достық» мемлекетаралық каналымен Қазақстанға 909 млн текше метр тіршілік нәрі түседі.

Солтүстік Аралға 975 млн текше метр су жіберу жоспарланып отыр. Бұл жайлы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов хабарлады. Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 89-шы отырысы өтті. Онда су саласындағы ынтымақтастық жайы пысықталып, тараптар түрлі тақырыптарды талқылады. Мәселен, қазақ-өзбек су қатынасы сөз болды. Өзбекстан Қазақстанға өткен жылдың қазан айынан бері 12,6 млрд текше метр су жіберген болатын. Бұл жоспарланған көлемнен 1,7 млрд текше метрге артық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz