Өскеменде «Көктем әуені» атты экологиялық іс-шара өтті.
Көктемдегі алғашқы ауқымды акция кезінде Үлбі өзенінің жағалауы мен облыстық филормония ғимаратының айналасы қоқыстан тазартылды. Тазалық шарасына 70-тен астам ерікті қатысты. Арасында мәдени мекеме өкілдері мен қала тұрғындары да бар. Олар жиналған қоқысты сұрыптап, қайта өңдеуге жібереді.
Әділ Тұрғанбаев, облыстық филармония артисі:
- Бұл акция "Таза Қазақстан" өте керемет акция екен, біз әрине қолдаймыз. "Өзіңді өзің сыйласаң, жат жаныңнан түңіледі" дейді қазақ. Сондықтан адам таза жүреді, таза киінеді демекші сондықтан жұмыс істеген жеріңді, жүрген жеріңді, қала ішін үйдің маңайын таза ұстау бұл енді әрине өте керемет дүние.
Тегтер #Өскемен #Таза Қазақстан #тазалық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz