RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда ауа райы кенеттен құбылды

07.04.2025, 23:00 1027

Алматыда дауылды ескерту жарияланды.

Синоптиктер түнде, нөсерлі жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжап отыр. Желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді. Ал ауа температурасы +11 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Құтқарушылар тұрғындарды тауға барудан бас тартуға шақырады. Қала тұрғындары әлеуметтік желіге жүктеген әуесқой бейнежазбаларға зер салсақ, бірқатар үйдің шатыры зақымданған. Кейбір аудандарда интернет байланысы жоқ және электр қуаты тұрақсыз деген шағымдар айтылып жатыр. Қатты желден талдар көліктерге құлаған жағдайлар да бар. Үздіксіз жауыннан арықтар арнасынан тасып, бірнеше көшені су басты. Табиғаттың мұндай құбылмалы мінезі бұл мезгілде жиі болып тұрады, дейді метеорологтар. Мамандардың айтуынша, солтүстіктен келген суық жел, оңтүстіктің жылы ауасымен қосылғанда әдетте күшті дауыл тұрады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz