RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысында «Жасыл ел» еңбек жасағы жұмысын бастады

08.04.2025, 23:28 544

Биыл Жамбыл облысында 2 мыңға жуық жас «Жасыл ел» еңбек жасағына қабылданды, деп хабарлайды 24kz.

Осылайша, жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері уақытша жұмыспен қамтылды. Олар қала мен ауылдарда жаз бойы тазалық жұмыстарын жүргізеді. «Таза Қазақстан» акциясына да үлес қосады. Жастарға 85 мың теңге жалақы мен әлеуметтік төлем төленеді. Жасақ жұмысын бастап кетті. Олар Қарахан кесенесінің аумағын қоқыстан тазартып, жан-жағын көгалдандырды. Одан соң қала маңындағы жасыл белдеуге мыңға жуық көшет екті.

Айбек Қадырәлиев, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры:

- Арнайы студент жастарға өздерінің зейнетақысымен кәдімгідей біздің тарапымыздан, аудандық жастар ресурстық орталықтары тарапынан арнайы уақытша жұмысқа орналасқандықтан, жалақылармен қамтамасыз етіледі. Өздерінің келісімшарттары арқылы 4 сағаттық жұмыс. Яғни, студенттердің оқуға деген белсенділіктерін бірінші қойып, оқуға кедергі келтірмей оқудан кейінгі бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында өткізіліп жатқан дүние.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz