Талдықорғанда ((«Eco Hackathon»)) экохакатон экологиялық акциясы өтті.
«Таза Қазақстан» аясындағы шараға 40 шақты адам қатысты. Олар "Жеңіс" саябағын қоқыстан тазартып, ағаш бұтақтары мен жапырақтарын жинады. Одан кейін белсенділер табиғатты қорғау мәселелерін талқылады. Зияткерлік ойын жеңімпазы атанған топ экологиялық жоба әзірлеу мүмкіндігін алды.
Ұлпан Қариманова, «Қазақстан студенттер альянсы» қозғалысы ОФ белсендісі:
- Тек субботникпен шектеліп қалмаймыз. Одан да үлкен флешмобтар болсын кейбір акциялар болсын оларды да жасауға тырысатын боламыз.
Тегтер #Жетісу #Экоакция #24KZ #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz