Елде су ресурстарының ақпараттық жүйесі құрылады.
Бүгін үйлестіру кеңесінің отырысында бес бірдей маңызды құжатқа қол қойылды. Онда су тасқынын болжау жүйесін қалыптастыру, климаттық өзгерістерге төзімділікті жетілдіру және су саясатын түзу мәселесі қамтылған. келісім аясында испаниялық компания Қазақстанның батысындағы жерасты суларын картаға түсірмек. Ал Ислам даму банкі мен БҰҰ-ның Даму бағдарламасы цифрландырумен қатар саланың техникалық әлеуетін нығайтып, су саясатын дамытуды көздеп отыр. Сонымен бірге ұлттық ақпараттық жүйені құруға арнайы грант бөлінеді. Су ресурстарының Ақпараттық-талдау орталығы мен Еуразиялық даму банкі бүгін осындай келісім жасады. Айта кетейік, үйлестіру кеңесі былтыр қыркүйекте Су ресурстары және ирригация министрлігі және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының бастамасымен құрылды. Қазір кеңес құрамында 35 серіктес бар.
Болат Абдықұлов, ҚР СУ Ресурстары және ирригация министрлігінің стратегиялық дамыту департаментінің сарапшысы:
- Power China деген қытайлық компания және осы су ресурстары және ирригация министрлігі қол қойып жатқан құжат. Ол құжат бойынша қазақстандық 105 маман Қытай еліне барып сол жақта, арнайы жаттығудан өтеді. Ол курстар біздің мамандарды жаңа бағдарлама бойынша дайындайды. Және олардың алып келген білімімен болашақта біздің су ресурстары және ирригация министрлігінің жұмысы ұлғая түседі, нығая түседі. Және жалпы мемлекетаралық ынтымақтастықтың деңгейі артады.
Тегтер #су саласы #құжат #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz