RU
Толық нұсқаға өту

Қ.Тоқаев: Тазалық – ішкі мәдениеттің өлшемі

11.04.2025, 17:15 679

Заңды бұзған азаматтарды міндетті түрде жауапқа тарту керек. Одан басқа жол жоқ. Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент жұртшылығымен кездесуінде тәртіп пен тазалық туралы ойын айтты, деп хабарлайды 24kz.

Президент әділетті, қауіпсіз, қуатты және таза Қазақстанды құрып, өркендеген ел болуға шақырды. «Осы ретте Шымкент өзінің «шырайлы» деген атына сай болып, көш бастауы тиіс», - деді. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» акциясының мақсатын тарқатып берді.

«Бұл сенбілікке шығумен шектелмейді. Тазалық дегеніміз – ең алдымен ішкі мәдениеттің өлшемі», - деді Президент. Акцияда қала тұрғындары да аянып қалмағаны айтылды. Былтыр 200-ден аса аула мен қоғамдық орын тазартылып, 200 мыңнан аса ағаш отырғызылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz