RU
Толық нұсқаға өту

Павлодарда «Таза су айдындары» экоакциясы басталды

12.04.2025, 09:25 591

Павлодарда «Таза су айдындары» экологиялық акциясы басталды.

Жер қойнауын пайдалану басқармасы мен балық шаруашылығы инспекциясының мамандары өзен-көлдердің айналасын қыс бойы жиналған қоқыстан  тазартып жатыр.  Алдымен Ертіс сағасы мен Усолка өзенінің жағалауын жинап шықты. Қазір Ертісте сең жүріп жатыр. Көп ұзамай өзен арнасынан асып, сай-сала суға толуы мүмкін. Сондықтан су жайылмай тұрып жағалауды жинап үлгеруіміз керек, дейді жауаптылар.

Мәлика Ілиясова, жер қойнауын пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары:

- Біз өзен-көлдердің жағасын  тұрмыстық қалдықтардан тұрақты түрде тазартып отырамыз. Бүгін шамамен 400 келідей қоқыс жиналды. Әдетте өзен жағалауын тазарту жұмыстары күзге дейін жалғасады. Табиғатты қорғау шараларына қала тұрғындары мен еріктілер белсене атсалысады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz