RU
Толық нұсқаға өту

Каспий жағалауында ауқымды тазалық шарасы өтті

12.04.2025, 15:09 614

«Таза Қазақстан» аясында ұйымдастырылған сенбілікке Маңғыстау облысының 5 мыңнан астам тұрғыны белсене атсалысты.

Табиғат аясын күл-қоқыстан тазарту жұмыстары өңірдің барлық елді мекенінде бір уақытта басталды. Мәселен, Ақтауда қала жағажайын тұрмыстық қалдықтардан тазалауға 200-дей адам шықты. Мемлекеттік қызметшілер, экобелсенділер мен волонтерлер қолайсыз ауа райына қарамастан игі іске бір кісідей жұмылды. Олар бірер сағатта жүзден астам қапшықты қоқыспен толтырып, жүк көлігімен арнайы полигонға тасыды.

Армат Жүсіпқалиев, облыстық экология департаментінің басшысы:

-Экологиялық мәдениетіміз қалыптасуы үшін әрбір адамның, азаматтың өзінің дұрыс жүруі, таза жүруі, айналамыздағы жерлерге қоқыс тастауға болмайды. Кеше өздеріңіз көріп отырсыздар, 3 жасар бала да жинап жатыр Атырауда. Мысалға айтқанда, осының барлығы отбасыдан басталады. Сондықтан бұл «Таза Қазақстан» науқаны одан әрі жалғасуда. Сондықтан маңғыстаулықтарға айтарым – айналамызды, ауламызды, өлкемізді таза ұстайық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz