RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбеде ескерткіштердің аумағы абаттандырылды

14.04.2025, 18:15 494

Ақтөбелік жастар Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың монументі мен Мәңгілік алау аллеясының аумағын абаттандырды, деп хабарлайды 24kz.

Тазалық шарасына «Жасыл ел» жасағының сарбаздары мен еріктілер атсалысты. Жалпы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қалалықтар белсенді қатысып жатыр. Облыстағы барлық елді мекенде жаппай сенбіліктер ұйымдастырылуда. Оның ішінде Жеңістің 80 жылдығына ескерткіштердің айналасы аббаттандырылып, ағаш-тал егіледі.

Самғат Артығалин, облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы:

- «Таза Қазақстан» акциясы жы -он екі ай жүргізіледі бізде. Әр ай сайын әр бағыттар жасалып отырады. Ескерткіштер, таза жағалау, қаланың іші, саябақтар. «Таза Қазақстан» акциясы тек қана жастар мен волонтерлердің әрбір тұрғынның негізгі міндеті ғой. Бұл жерде біздің қаламыздың тазалығы, ауламыздың тазалығы ортақ тазалық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz