Қарағанды қаласында экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы өтті, деп хабарлайды 24kz.
Шара аясында қала көшелеріне 500 түп көшет егілді. Игі іске жергілікті билік өкілдері, еріктілер мен табиғат жанашырлары белсене атсалысты. Жаңа көшеттердің 280-і бұрын кесілген ағаштардың орнына өтем ретінде егілді. Бұл ағаштарға үш жылдық кепілдік мерзімімен арнайы жауапты тұлғалар күтім жасайтын болады. Қалған жасыл желекке Мәдениет және демалыс саябақтары басқармасының жұмысшылары тұрақты түрде қарап, суарып, баптайды.
Сәкен Келдібаев, қоғам белсендісі:
- Биыл өзгеше. Өзгешелігі сол – бұрын ағашты саябақтарға отырғызатынбыз. Биыл оның форматын өзгерттік. Қаланың көшелеріне шықтық. Осы араға келместен бұрын бірнеше алаңдарды, көшелерді қарап шықтық. Содан осы араға келіп тоқтадық. Өйткені осы Назарбаев даңғылының ағаштары түгел кәрі, ескі, құлап жатыр. Осы өткен аптада екі-үшеуін кесіп алып тастадық мені шақыртып.
Тегтер #Қарағанды #Таза Қазақстан #экологиялық акция #ағаш егуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz