Қызылордада болашақ экологтар «Зертханадағы бір күн» атты экскурсияға қатысты, деп хабарлайды 24KZ. «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен шарада студенттер Экология департаментінің зертханасына барып, қоршаған ортаның ластану көрсеткіштері қалай тексерілетінін көрді.
Сонымен қатар зерттеу әдістерімен танысып, бұл деректердің қоршаған ортаны қорғаудағы маңызы туралы білді. Жастар жылжымалы зертхана мен ауа сапасын анықтайтын дрон құрылғысын қолдануды үйренді. Шара соңында студенттер мен эколог мамандар бірлесіп ағаш екті.
Қуаныш Бөрібаев, облыс бойынша Экология департаментінің бөлім басшысы:
- Экология департаментінде әрдайым ашық есік күндері өткізіледі. Жоғары оқу орындарынан студенттер келіп, практика өткізеді. Одан бөлек, бізде әртүрлі бөлімшелерден қажетті ақпараттарын ашық келіп ала алады.
Тегтер #Қызылорда #экологтар #зертхана #24KZ #экскурсия #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz