RU
Толық нұсқаға өту

Ардагерлер Оралдың тазалығына үлес қосты

15.04.2025, 23:15 543

Батыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері «Таза Қазақстан» акциясына атсалысып, Орал қаласын абаттандыруға үлес қосты, деп хабарлайды 24KZ. Аға буын өкілдері сенбілікке шығып, Ғабдолла Тоқай атындағы скверді күл-қоқыстан тазартты. Теректердің түбін қопсытып, қыстан қалған шөп-шаламды шығарды.

Жасы жетпістен асқанына қарамастан ширақ қимылдаған ақсақалдар алдағы уақытта қаладағы барлық экологиялық акцияға қатысуды жоспарлап отырғандарын айтады.

Мынатаубиік Әнесов, еңбек ардагері:

- Әрбір адам өз ауласын таза ұстау керек деген ұйғарым бар. Мына үлкендердің әңгімесі бұл. Соған байланысты біздің қаланың ардагерлер кеңесімен жастар ресурсы, үлкендер мен жастар бірігіп, қаланың мәселесіне, тазалық мәселесіне арнайы сенбіліктер ұйымдастыруға біздер үндеу жасағанбыз. Соған байланысты осы алаңға келдік.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz