Түркістан облысындағы Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы мен Сайрам-Өгем ұлттық паркінің аумағында сирек кездесетін жыртқыш – қар барыстары бейнетұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды 24KZ. Мамандардың айтуынша, жыртқыштар көбіне тау бөктерінде жайылып жүрген тұяқты жануарларды аулау үшін жиі көріне бастаған.
Орман шаруашылығы инспекторлары жүргізген биылғы санақ нәтижесінде өңірдегі қар барыстарының саны 11-ге жеткен. Бұл олардың табиғи жағдайда көбейіп жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар орнатылған бейнекамераларға қар барысының аландары да іліккен. Ұлттық парктің аумағында Қызыл кітапқа енген басқа да сирек жануарлар – Түркістан сілеусіні, қоңыр аюлар мен Сібір еліктері еркін жайылып жүргені байқалған.
Бақыт Мұсалиев, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:
- Табиғи ортада өзіміздің тау тіршілігінде қорық пен ұлттық парк аумағында төлін ертіп жүрген барыстар жиі кездеседі. Көп түскен суреттердің ішінен 11-і бөлек, осы 11-і нақты тіршілік ететіні анықталып отыр. Аңдар еркін сезінеді. Өзінің көбею ықпалы жоғарылай түседі. Соның арқасында тұяқты жануарлар арта түсті. Тұяқты жануардың артуынан аумақта жыртқыш Түркістан сілеусіні мен қар барысының көбеюі байқалады.
Тегтер #қар барысы #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz