Астанада кезекті «Таза бейсенбі» акциясы өтті, деп хабарлайды 24KZ. Экологиялық шара «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды.
«AMANAT» партиясының Нұра аудандық бөлімінің өкілдері, №69 мектеп ұжымы мен оқушылары оқу ордасының ауласын қоқыстан тазартты. Сонымен қатар жасыл желектің түбін қопсытып, күтім көрсетті. Сенбілікке жүзден астам белсенді қатысып, мектеп аумағы әп-сәтте ажарлана түсті.
Азамат Қасымов, №69 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі:
- Мектебіміздің мұғалімдері, оқушылары, кіші қызметкерлері – бүкілі атсалысады. Бүкіл мектеп қатысады. Мереке сияқты өтеді ғой.
Ардақ Өнербек, №69 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі:
- Біз оқушыларды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, тазалыққа, экологияны қорғауға, елін-жерін сүюге тәрбиелеп жатырмыз деп ойлаймын. Мұндай жобалар біздің мектепте көп болып тұрады. Бұл балаларға физиологиялық, жан-жағынан әсер етеді деп ойлаймын.
Тегтер #таза бейсенбі #Таза Қазақстан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz