Ұлытау облысында көктемгі көгалдандыру науқаны басталды, деп хабарлайды 24KZ. Өткен аптадан бері Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Теректі ауылында 300 ге жуық ағаш егілді.
Көшеттер солтүстік облыстардағы арнайы тұқымбақтан сатып алынған. Бұл мақсатқа жергілікті қазынадан 22 млн теңге бөлінді. Бұдан бөлек, облысты көгалдандыру жұмыстарын қолдау мақсатында Экология және табиғи ресурстар министрлігі 20 мың түп көшет беріп отыр. Ұлытаудың қатал климатына бейімделген ағаш түрлері жақын күндері жеткізіледі. Ағаш егу жұмыстары өңірдегі ірі кәсіпорындардың демеушілігімен жүзеге асады. Ал оны күтіп-баптап ұстауға былтыр құрылған арнайы коммуналдық мекеме жауапты болады.
Айдана Алданазарова, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының маманы:
- Қарағай, қарағаш, сондай ағаштар егіледі. Сосын бізге комитет жеміс ағаштарын берейін деп жатыр. Алма, шие деген сияқты жеміс ағаштарын алып келеді. Енді біздің облысқа келетін ағаштар облысымыздың климатына бейімделген. Бізде құрғақшылық қой. Соған бейімделген. Өседі деп үміттенеміз.
Тегтер #Ұлытау облысы #ағаш егу #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz