RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбелік жастар жүз түп көшет екті

17.04.2025, 23:10 567

Ақтөбелік жастар 100 түп көшет екті, деп хабарлайды 24KZ. Белсенділер «Алақай қуыршақ» театрының саябағын таңдады. Себебі мұндағы ағаштардың дені қураған.

Экологиялық акция Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды. Шара өскелең ұрпақтың жауапкершілігін арттырып, табиғатпен байланысын нығайтуға бағытталды. Игі бастамаға атсалысқан зейнеткерлер: «Шаһардағы саябақтар мен қоғамдық демалыс орындарында кәрі ағаштардың орнына тал-терек егу қажет», – деді.

Қанат Әлмаханов, зейнеткер:

- Мен қызмет бабымен 1980 жылы келдім осында. Биыл майда 45 жыл болады бір айдан кейін. Көк еді. Жасыратыны жоқ, сиреп кетті. Бірақ енді соңғы жылда осы өте жақсы қарқын алып, қолға алынып жатыр. Мен ойлаймын көк қалаға айналуы әбден мүмкін. Бұрынғы болған нәрсенің барлығын қайтадан орнына келтіруіміз керек. Біздің міндетіміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz