Павлодардың Жастар бастамаларын дамыту орталығы «Экологиялық серуен» атты үстел ойынын өткізді. Қоршаған ортаны таза ұстап, экологиялық сауаттылықты оятатын зияткерлік ойынды өздері ойлап тапқан.
Ойынға қатысушылар түрлі сауалдарға жауап іздейді. Олардың дені табиғатпен астасып жатыр. Жер-су атаулары, туристік аймақтар, ерекше қорғалатын аумақтар, орман-көлдер туралы кеңінен мағлұматтар беріледі. Қоршаған ортаны қорғау жолдары көрсетіледі. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында қолға алынған зияткерлік ойынның жетілдірер тұстары әлі көп», – дейді ұйымдастырушылар.
Милана Құлатаева, волонтерлер орталығының инспекторы:
- Ойынның негізін қалаған біздің еріктілер орталығы. Экологиялық жағдайға алаңдаушылық білдіретін жастар өте көп. Біздің мақсатымыз – қоршаған ортаны ластанудан қорғау жолдарын іздестіру. Осы ойын арқылы көбірек ақпарат таратамыз. Әрине, адамдардың ойы мен әрекетін өзгерте алмаймыз. Бірақ дұрыс жолды таңдауға бағыттаймыз.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz