«Өндіріс орындары экология талаптарын міндетті түрде сақтауға тиіс», - деді Мемлекет басшысы.
Президент облыс орталығының маңайында өнеркәсіптік кәсіпорындар көп екенін еске салып: «Бұл мәселені шешуге ерекше көңіл бөлу қажет», - деді. Оған қоса, «Қошқар-Ата» қалдықтар қоймасының түйткілін көтерді. Бұл мәселе талайдан бері шешімін таппай келеді. Онда Каспий маңы тау-кен металлургия комбинатына қарасты 3 зауыттан шыққан 105 миллион тонна қалдық жатыр. Бұдан бөлек, аймақтағы полигондарда 200 мың тоннадан астам қоқыс жиналып қалған. Рұқсат етілмеген жерге заңсыз тасталған қоқыстар да көп. Қасым-Жомарт Тоқаев мұның бәрі халықтың тұрмыс сапасына кері әсерін тигізетінін айтып, шұғыл шешуді тапсырды. Бұл жұмысты Үкімет тоқсан сайын Президентке тікелей баяндауы керек. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Ақтауда ағаштарды көбірек отырғызуға тырысу керек екенін айтты.
Тегтер #Қасым Жомарт Тоқаев #Маңғыстау облысы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz