RU
Толық нұсқаға өту

Өскемендік еріктілер қалаға кіреберіс гүлзарларды ретке келтірді

18.04.2025, 23:46 655

Қабанбай батырға арналған монумент маңын абаттандырып, қоқыстан тазалады, деп хабарлайды 24kz.

Жалпы «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы Шығыс Қазақстан облысында 200-ден астам саябақ, 323 тарихи-мәдени ескерткіш пен 859 әлеуметтік нысан қалпына келтірілді. Елді мекендерден 30 мың тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылды. Сонымен қатар 110 мыңнан астам көшет егілді.

Аманбай Нұркенов, «Amanat» партиясының ШҚОФ атқарушы хатшысының орынбасары:

- Өзіміздің қаламыздың, өзіміздің өңіріміздің егер біз туристік кластерді дамытамыз десек, осындай біз тарихи ескерткіштерімізге өте үлкен мән беріп, осы тарихи ескерткіштерімізді қалпына келтіруіміз керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz