RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысында Айша Бибі кесенесінің аумағы абаттандырылды

21.04.2025, 19:20 473

Жамбылдық тарихшылар мен еңбек ардагерлері Айша Бибі кесенесінің аумағын абаттандырып, қоқыстан тазартты, деп хабарлайды 24KZ. Үлкендер бастамасын жастар да қолдады.

Тарихи кешен аумағына ағаштар екті. Өткен аптада Қарахан кесенесінің аумағы ретке келтірілген еді. Алдағы уақытта Ақыртас, Тектұрмас сынды қала сыртындағы тарихи-мәдени орындар да абаттандырылады.

Жалпы облыста жыл басынан бері 350 шақырым канал мен арық жүйесі, 48 мың үйдің ауласы мен 1300 шақырым көше тазартылды. Ал арнайы полигондарға 3 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Биыл 200 мыға тарта көшет егіледі деп жоспарланған. 

Серік Сәлемов, облыс әкімінің орынбасары:

- Біздің беріп отырған басымдықтарымыз. Жамбыл өңірінде 3500-ден аса тарихи мәдени нысандар бар. Сол нысандарыдың төңірегін тазалап, гүлзаларын дұрыстап, әктеп, әрлеп, тал-дарақтарды егу. Оның ішінде біз басымдықты мына жеміс ағаштарын егуге беріп отырмыз. Байлығымыз – осы табиғат. Осы табиғатты болашақ ұрпаққа осы өз қалпында сақтап дамыта отырып, тастап кету.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz