Елде экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бизнестің аясы кеңейеді, деп хабарлайды 24kz.
Бүгін Астанадағы «Таза Қазақстан» экофестивалі аясында өткен көрмеде, «Интер Мульти Сервис» пен «Техник Дестрой» компаниялары меморандумға қол қойды. Енді қалдықтарды қайта өңдеуге маманданған серіктестік, картоннан жасалған қаптамаларды өндіретін зауытқа шикізатты тұрақты түрде өткізіп тұрмақ. Сондай-ақ тараптар өндірістік қуаттарын бірлесіп пайдалануды және қажетті дағдылармен алмасуды көздеп отыр.
Ләззат Жамбузова, «Интер Мульти Сервис» ЖШС жобалық директоры:
- Бұл меморандумның маңызды шарттары бізге макулатура алып келеді. Біз оны қабылдаймыз деп қол қойдық. Негізі біздің зауыт Алматы қаласында орналасқан. 300-ден астам жұмысшымыз бар. Күніне 190-200 тоннадан макулатура өңдейміз.
Рустам Юнусбаев, «Technic Destroy» ЖШС директоры:
- Бұл келісімнің екі жаққа да тиімділігі бар. Біз «Интер Мульти Сервис» серіктестігімен бірлесіп, макулатураны өңдеу жұмыстарын жаңа деңгейге шығарамыз. Сөйтіп елдің экологиялық жағдайының жақсаруына өз үлесімізді қосамыз.
Тегтер #экология #Таза Қазақстан #экофестиваль #меморандумPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz