Маңғыстаудағы мұнай-газ кәсіпорындары өндірістік қалдық көлемін азайтады, деп хабарлайды 24KZ. Бұл Мемлекет басшысының қоршаған ортаны зиянды әсерлерден қорғау тапсырмасы аясында жүзеге асырылады.
Былтыр жергілікті компаниялардың шығарындылары 67 мың тоннаға төмендеді. Бұл Экология министрлігі бекіткен лимиттің 62%-ына тең. Қазір өңірде мұнай және газ өндіретін 570-ке жуық мекеме бар. Соның ішінде 40 өндіріс орны көмірсутек шикізатын өндірумен айналысады.
Мағжан Ғалымов, Экология департаментінің бөлім басшысы:
- Экологиялық заң талаптарына сәйкес егер де өзінің нормалары бар, шекті аралық концентрацияның өзіне бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бар. Қазіргі ірі кәсіпорындармен жасалып жатқан шығарындылар қоршаған ортаға, ластаушы заттардың олардың барлығы тиісті нормада. Яғни өзінің қасында орналасқан елді мекенге қауіп төндірмейтіндей барлық есептеуімен рұқсат алынған. Бірақ соған қарамастан қосымша қоршаған жүктемені азайту мақсатында одан да төмендетуге тырысып жатырмыз.
Тегтер #Маңғыстау #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz