Қарағандылық белсенді жастар «Алаш» аллеясында 200 түп қайың мен қарақат көшеттерін екті, деп хабарлайды 24KZ. Енді оған жаз бойы «Жасыл ел» еңбек жасақтары күтім жасайды.
Мұндай экологиялық шара барлық қала мен аудандарда өтті. Биыл облыс бойынша 54 мың түп ағаш егу жоспарланған. Осылайша саябақтар мен гүлзарлар қарақат, қайың, шырша мен алма ағашы көшеттерімен көмкеріледі. Жыл басынан бері қаладағы орталық саябақта 5 мың алма көшеті егілді.
Сырым Шынжырбай, студент:
- Осы акция басталғалы біраз жер тазарып, біраз жер көркейіп, көптеген үлес қосылып жатыр. Талдар егіліп. Тазалық деген ол осы елде тұрып жатқан адамдардан басталуы керек. Елдің барлығы қосқыс тастайды. Келешекке қалай қалады ол ертең.
Тегтер #ағаш егу #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz