RU
Толық нұсқаға өту

Талдықорғанда «EcoKeruen» акциясы өтті

23.04.2025, 22:30 454

Жетісу облысында «EcoKeruen» акциясы өтті, деп хабарлайды 24KZ. Арнайы безендірілген тракторлар Талдықорғанның орталық көшелерімен жүріп өтті.

Керуенге ерген экобелсенділер тұрғындарға қоқыс сұрыптаудың маңыздылығын түсіндіріп, қоршаған ортаға жауапкершілік танытуға үндеді. Көше бойында шашылған қалдықтарды жинады. Шараға бастамашы болғандар ерекше форматтағы осындай акцияларды алдағы уақытта да ұйымдастырмақ.

Мирас Сейітқали, жастар орталығының маманы:

- 13 сәуір мен 23 сәуір аралығында «7 өзен» атты экофестивалімізді өткіздік. Ол 5 ауданымызда жалғасын тапты. Бүгін, міне, осы Жансүгіров көшесінің бойымен Шевченко көшесіне дейін барлық қоқыстарды тазалап, қамтып өтеміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz