Солтүстік Қазақстанда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқын алып, өңірде кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды 24KZ. Іс-шара аясында 600-ден астам тарихи-мәдени ескерткіш пен саябақтың аумағы абаттандырылып, ретке келтірілді.
Бұл жұмыстар облыстың тарихи келбетіне жаңаша серпін беріп отыр. Өңірде әр апта сайын өтетін сенбіліктерге 40 мыңға жуық тұрғын қатысып, көшелер мен қоғамдық орындарды тазартуға белсене атсалысты. Олар тұрмыстық қалдықтарды жинап, айналаны күл-қоқыстан арылтты. Облыс орталығы мен аудандарында, елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары үш айға созылатын арнайы шаралармен бекітілді. Қоғамда экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған бұл бастама жергілікті тұрғындардың қолдауына ие болды.
Сауалнама:
- Тазалық әр адамның өзінің айнасы деп білемін. Өзін таза ұстаса, айналасын таза ұстаса, біздің қаламыз да, мәдениеттілігіміз де содан көрініп тұрады. Мысалы, біз айналадан адамды көрген кезде жүзі әдемі, таза болып тұрса, біз ол адаммен араласқымыз келіп тұрады. Өзіміге тартқымыз келіп тұрады. Сол секілді адам да өзін таза ұстап жүрсе, жан-жағына жақсылық, мәдениеттілік сыйлап жүреді деп ойлаймын.
- Қоршаған ортаны қорғау. Табиғатты қорғау. Ауаны таза ұстау және өзіне, өзінің қоқыстарына және өзінің тұрып жатқан қоршаған ортаға жауапкершілік алу.
Тегтер #Таза Қазақстан #СҚО #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz