Қарағанды облысының балық шаруашылығы инспекторлары Самарқанд су қоймасының жағасынан 50 қап қоқыс жинап алды, деп хабарлайды 24KZ. Бұдан бөлек, су түбінен ұзындығы 300 метр болатын торлы ау шығарылды.
Мамандардың айтуынша, сәуір айында тоғандар мен көлдерден жинап алынған 2 шақырымдай нейлон және синтетикалық торлар жойылды. Олар суда шірімей, ұзақ жататындықтан қоршаған ортаға, су жәндіктеріне зияны көп. «Балықшыларға мұндай торды пайдалануға тыйым салынған», – дейді мамандар.
Бақтияр Санбаев, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:
- 15 шақты техника, 100 адам акцияға қатысты. Эковолонтерлермен және балық шаруашылығы инспекторларымен бірлесіп, су қоймаларындағы асуларды тазалаймыз. Қытай ауларынан. Сонымен қатар осы су қоймаларының маңын қоқыстан тазалаймыз.
Тегтер #Қарағанды облысы #су айдыны #балық шаруашылығы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz