RU
Толық нұсқаға өту

Маңғыстаудағы Айрақты тауында тазалық шарасы өтті

25.04.2025, 23:30 658

Маңғыстаудағы туристік мекен Айрақты тауының етегінде тазалық шарасы өтті, деп хабарлайды 24KZ. «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қызметкерлері демалушылар қалдырған тұрмыстық қатты қалдықтарды полиэтилен қапшыққа жинап, арнайы полигонға жеткізді.

Табиғат жанашырларының айтуынша, жазда Айрақты тауына адам көп келеді. Кейбірі далада от жағып, ас ішкен жеріне қоқыс тастап кетеді. Туристердің қоршаған ортаны ластауының алдын алу мақсатында инспекторлар бақылау шараларын күшейткен.

Мұхаммедрахым Боранбаев, «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ аңтанушысы:

- Келушілердің көптеп қоқыс тастауынан барлығы тазаланып, барлығы арнайы полигон орындарға төгіледі. Сонымен қатар осы Айрақты тауынан бөлек, өзімізге қарасты Қызылсай паркі және Манашы, Жабайұшқан қаумалдарында тазалық акциясы жүріп, аң-құстардың бұлақ көздері ашылып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Баршаңызды өзіміздің табиғатымызды, өңірімізді таза ұстауға шақырамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz